Командалық

Регбиден Дубай мен Кейптаундағы турнирлер өтпейтін болды

Регбиден Дубай мен Кейптаундағы турнирлер өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік регби федерациясы (World Rugby) Дубай мен Кейптаундағы «World Rugby Sevens Series» турнирін коронавирус індетіне байланысты өткізбейтін болды. 2021 жылғы маусымашар серияның өтпейтінін әлемдік ұйым ресми түрде растады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дубайдағы бәсеке 26-28 қарашада, ал Кейптаундағы бәсеке бір аптадан соң өтуі тиіс болатын.

Екі турнирде де ерлер мен әйелдер додасы қатар ұйымдастырылмақ болған.

Жарыстың тоқтатылуына COVID-19 індетіне байланысты әлемдегі ахуалдың жақсармауы себеп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер