Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуіне дайындалып жатыр
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Спортшы жаттықтырушы Қанат Орақбаевтың жетекшілігімен жаттығу өткізді. Бек Нұрмағанбет 26 шілдеде Минскіде (Беларусь) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Ол <span>венгриялық Тама Ласкамен (19-21-1, 10 KO) кездеседі.</span>
Аталған кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық<span> </span>Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) нигериялық Нуху Лавальмен (27-6, 15 КО) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или