Минсктегі бокс кеші алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті

Минсктегі бокс кеші алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті

Минск төрінде шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлері салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

26 шілде күні өтетін бокс кешінің бас жекпе-жегінде қазақстандық<span> </span>Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) нигериялық Нуху Лавальмен (27-6, 15 КО) кездеседі. Жекпе-жектің форматы - он раунд.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/201131_d26420e7493f4f50a4a5f9c5905c6f44.webp" /></picture>

Ал ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО) босниялық Дразан Джанджанинмен (20-30, 17 КО) жұдырықтасады.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/201131_274109728e4f4c4b22c39e6a21c8d4d9.webp" /></picture>

<span>2019 жылғы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде венгриялық Тама Ласкамен (19-21-1, 10 KO) кездеседі.</span>

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/201131_0aa41497bbd84d68b40877ae71d1f3fd.webp" /></picture>

<span>Кәсіпқой бокстағы тағы бір дебютант, қазақстандық Евгений Павлов хорватиялық Патрик Ренатоға (1-1) қарсы қолғап түйістіреді.</span>

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202007/201131_c0f5cdac8485cc56bea4b5f6a107a0b4.webp" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или