«Женя – нағыз еркек!». Насрудинов Евгений Егембердиев туралы жазды
ACA 107 турнирінде қазақстандық файтер Евгений Егембердиевті жеңген ресейлік Насрудин Насрудинов қазақстандық спорт жанкүйерлеріне үндеу тастап, оларды отандастарының жеңіліске ұшырауына алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құттықтап жатқандарыңызға көп рахмет, сондай-ақ Евгений Егембердиевке жақсы айқасқаны үшін алғыс айтамын! Маған көп жұдырық жұмсаған алғашқы адам – сенсің. Женяға жанкүйер болған қазақстандық бауырларыма айтарым, бұл жай ғана спорт, Евгенийдің жеңілісі еркектік қаситіне еш әсер етпейді. Ол – нағыз жігіт, ең бастысы осы!», - деп жазды дағыстандық спортшы Instagram-дағы парақшасына.
Еске сала кеелік, Евгений Егембердиев 24 шілдеде Сочиде өткен ACA 107 турнирінде Насрудин Насрудиновтен үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.
<span> </span>
Фото Инстаграм Насрудина Насрудинова