ACA 107. Исмаилов Емельяненконы нокаутпен жеңді
Сочидің WoW аренасында ACA 107 турнирінің басты жекпе-жегі өтті. Александр Емельяненко Магомед Исмаиловпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сарапшылар мен букмекерлер 34 жастағы Исмаиловты (17-2) жеңіске жетер деп ойлаған жоқ, бірақ тәжірибелі файтер 38 жастағы Александр Емельяненконы (28-8) жеңіп, сенсация жасады.
Жекпе-жектің алғашқы секундтарынан бастап Магомед Исмаилов қарсыласына партерде еш мүмкіндік берген жоқ. Оның үстіне Емельяненкоға дамылсыз соққы жұмсап, Александрға демалуға мұрша бермеді. Жекпе-жектің алғашқы он минуты Магомедтің басымдылығымен өтті. Жекпе-жек кезінде бірнеше рет төреші Емельяненконың бетіндегі кесілген жерлерді тексеру үшін айқасты тоқтатты, бірақ жекпе-жек үшінші раундта төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
34 жастағы Исмаилов 17-жеңісіне ие болды.
Емельяненко туралы айтатын болсақ, 38 жастағы спортшы өзінің мансабында осымен 8 рет жеңіліске ұшырады.
Айта кету керек, Александр Емельяненко 2018 жылдың тамызында Тони Джонсонға қарсы жекпе-жек өткізген сәттен бері октагонға кірмеген.