Минскте өтетін бокс кеші: Үш қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты

Минскте өтетін бокс кеші: Үш қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты

26 шілдеде Минск қаласында өтетін бокс кешінің кардына өзгерістер енгізілді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Suleimen Promotions компаниясы инстаграм желісінде хабарлады.

Ал ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО) грузиялық боксшы Рамази Гогичашвилимен (14-31-2, 6 КО) кездесуі керек еді. Алайда ол енді босниялық Дразан Джанджанинмен (20-30, 17 КО) жұдырықтасады.

<span>2019 жылғы Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Грузия өкілі Зура Мекерешвилиге (11-23-1, 7 КО) қарсы өткізеді деп жоспарланған. Ол енді венгриялық Тама Ласкамен (19-21-1, 10 KO) кездеседі.</span>

<span>Кәсіпқой бокстағы тағы бір дебютант, қазақстандық Евгений Павлов грузин Джаба Мемишишімен (8-13, 1 KO) кездесуі керек еді. Оның жаңа қарсыласы - хорватиялық Патрик Ренато (1-1).</span>

<span>Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде </span>Қазақстандық Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) нигериялық Нуху Лавальмен (27-6, 15 КО) кездеседі. Жекпе-жектің форматы - он раунд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или