Алматыда карантин талаптары күшейтілді

Алматыда карантин талаптары күшейтілді. Өңірде 2020 жылдың 20 шілдесі сағат 00.00-ден бастап қатаң шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Алматыдағы басты тыйымдардың бірі іс-шара өткізу болып отыр.
<span>«Барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алулар т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салсынсын», - деп жазылған өңірдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында. </span>
Сондай-ақ, Алматыдағы Ұлттық олимпиадалық комитет аккредиттеген спорттық базаларды қоспағанда, барлық спорт объектілерінің (спорт алаңдары, кешендер, үйірмелер, секциялар, бассейндер және т. б.) қызметіне тыйым салынды.
Айта кетейік, бұған дейін футболдан Қазақстан Премьер-лигасын Алматыда жалғастыру идеясы ұсынылған болатын.