ҰБА Орландода маусымның жалғасуына қарамастан, жеке марапаттарды үлестіреді

ҰБА Орландода маусымның жалғасуына қарамастан, жеке марапаттарды үлестіреді

Ұлттық баскетбол қауымдастығы Орландода болатын алдағы матчтарға қарамастан, ойыншыларға 2019/20 маусымының жеке марапаттарын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім барлық 30 команданың ойыншыларының тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін қабылданды, өйткені олардың тек 22-і ғана маусымды жалғастыра алады.

Бұған дейін барлық жеке марапаттар плей-оффты қоспағанда, бүкіл маусымның нәтижелері бойынша тағайындалып келген еді.

Еске сала кетелік, ҰБА-ның биылғы маусымы Орландода 30 шілде күні қайта жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или