Дастин Порье чемпион Хабиб Нурмагомедовпен қарымта өткізгісі келеді

Дастин Порье чемпион Хабиб Нурмагомедовпен қарымта өткізгісі келеді

UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсететін Дастин Порье чемпиондық белбеуінің иегері Хабиб Нурагомедовпен қарымта жекпе-жек өткізкісі келетінін айтты.

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде Нурмагомедов Порьені қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Ал өткен сенбіде Порье Дэн Хукерге қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жетті.

– Мен әлемде екінші нөмірлі спортшымын. Енді титулға үміткер болуға мүмкіндік беретін жекпе-жекке не чемпиондық айқасқа шығамын. Артқа жасар жол жоқ, – деді Порье.

Нурмагомедов келесі кездесуін 19 қыркүйек күні Абу-Даби қаласында болатын UFC 253 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңіл салмақта ұйымның уақытша чемпионы Джастин Гэтжи болып қалуы мүмкін.

Айта кетейік, Дастин Порье соңғы жекпе-жегін Дэн Хукерге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или