UFC on ESPN 13. Кэттар Игеден басым түсті

UFC on ESPN 13. Кэттар Игеден басым түсті

Абу-Дабидің (БАӘ) Яс аралында өткен UFC турнирінің негізгі жекпе-жегінде жеңіл салмақ рйтигіде 6 және 10-орындарда тұрған америкалықтар Кэлвин Кэттар мен Дэн Иге кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундта Иге екі рет шабуыл жасауға тырысты, бірақ Кэттар екі жағдайда да уақтылы қарсы шаралар қабылдай білген. Уақыт өте келе Кэлвиннің басымдығы анық байқалып тұрді. 

Екінші бес минут тұрақты жағдайда өтті - Иге Кэттардың қорғанысында олқылықтарды табуға тырысты, бірақ ол сәтті түрде қорғанып, қарсы шабуылдап отырды.

Үшінші және төртінші раундтарда жекпе-жектің сипаты өзгерген жоқ - қарсыластар раундты толықтай аяқта тұрып өткізді. 

Бесінші раундтың ортасында Ига ақыры КЭттардың аяғын ұстап алды, бірақ қарсыласын еденге құлата алмады алмады. Ал Кэттардың шабуылы тиімді болды

Бес раундтың соңында төрешілер жеңісті Кэттарға сәл басымдық танытқаны үшін берді - 49:46, 49:46, 48:47.

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или