Евгений Егембердиевтің жекпе-жегіне промо-ролик. ВИДЕО
Қазақстан аралас жекпе-жек майталманы Евгений Егембердиевтің (11-2) келесі жекпе-жегінің промо-ролигі жарық көрді.
Жартылай ауыр салмақта (93 келі) ACA рейтингісінде 4-орында тұрған Егембердиев 24 шілдеде өтетін ACA 107 турнирінде өнер көрсетеді. Турнирдің орны мен форматы қазірше белгісіз. Бір анығы отандасымыз жеңіліп көрмеген ресейлік файтер Насрудин Насрудиновпен (8-0) кездеседі.
Евгений Егембердиев соңғы жекпе-жегін 6 наурызда ACA 105 турнирі аясында өткізді. Отандасымыз Алматыда өткен кеште Польша спортшысы Карола Селинскиді бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или