«Барыс» келесі маусымдағы басты жоспарын мәлімдеді
«Барыс» клубының бас менеджері Вячеслав Белан Allhockey.ru сайтына берген сұхбатында команданың Кұрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2020/21 маусымындағы басты мақсатын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Басты міндет - плей-оффқа шығу. Жігіттер ойынды сезінді, сондықтан біз алдымызға тек жоғары мақсаттар қоямыз», - деді Белан.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемеиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталған өткен маусымда «Барыс» Шығыс конференциясында екінші орын алды. Гагарин кубогының плей-офф кезеңінің бірінші айналымында қазақстандық клуб «Металлургті» бес матч қорытындысы бойынша сенімді ұтты (4:1). Ал екінші кезеңде елордалықтар «Сибирьмен» кездесуі керек еді.
Айта кетейік, «Барыстың» алдағы маусымға қатысу-қатыспауы жайлы сұраққа лига басшысы жауап берген еді.
Еліміздегі шектеу шаралары 2 тамызға дейін созылғанына байланысты Қазақстан Президентінің кубогы турнирі биыл ұйымдастырылмайтын болғаны жарияланды.
Үш клуб ҚХЛ-ға қатысудан бас тартуы мүмкін. Оның ішінде «Барыс» та бар
«Барыстағы» швед хоккейшісі Қазақстан құрамасында ойнауға ниетті екенін жеткізді