Уайт: Камару Усман - дүлей күш иесі

Уайт: Камару Усман - дүлей күш иесі

UFC президенті Дана Уайт UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегі туралы ойын білдірді. Бүгін жартылай орта салмақ дивизионының чемпионы Камару Усман Хорхе Масвидальді жеңіп, титулын екінші рет қорғап қалды.

«Айқас біз күткендей өтті. Масвидаль өте жақсы қорғанды. Усманның тейкдаунынан кейін орныңнан тұру оңай емес. Камару сияқты қарсыласпен төбелесу өте қиын. Ол мұны бес раунд бойы жақсы қорғанды. Ал Усман - құбыжық, құбыжық болғанда да дүлей күш иесі.

Жекпе-жектен кейін Масвидальмен не туралы сөйлестім? Хорхе қайта оралатынын айтты, тағы бір мүмкіндікті қалайтынын айтты», - деді Уайт UFC 251 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или