Жалғас Жұмағұлов: Жанкүйерлеріме алғысымды айтамын
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютті жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне алғысын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

– Қазақ Елі менің UFC-дегі дебютімді асыға күтуде. Мені бар жан-тәнімен қолдағаны үшін алғысымды білдіремін!!! Мен жекпе-жектің алдында дұрыс бейімделу үшір әртүрлі әңгімелерге мән бермеуге және қарым-қатынастарды шектеуге тырысамын. Бірақ отбасыммен, ең жақын адамдармен, тіпті қалалар мен елдер бізді бөлсе де, үнемі байланыстамын!, – деп жазды Жалғас Жұмағұлов (барлық орфографиялық қателер сақталды - авт.) Instagram-парақшасында.
Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде UFC 251 турнирінде өнер көрсетеді. Әлемдегі ең үздік ұйымның қол астындағы жекпе-жегін жерлесіміз бразилиялық Раулиан Пайвамен (19-3) өткізеді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де басталады. <br />