«Қиын-қыстау күнде Қазақстан халқын қуантқымыз келеді»

«Қиын-қыстау күнде Қазақстан халқын қуантқымыз келеді»

UFC-дегі көптеген файтердің, оның ішінде Жалғас Жұмағұловтың (13-3) іс жүргізушісі, қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов, Жұмағұловтың UFC-дегі дебютіне дейін қолдаушылары үшін жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір біздің отанымыз үші қиын кзң туып тұр, күн сайын тек жаман жаңалықтар мен оқиғаларды көретін сияқтымыз. Осындай қиын-қыстау сәтте мен Қазақстанды жеңіспен қуантып, халқымызды біршама көтермелегім келеді.

Жако жеңіске жету үшін мүмкін және мүмкін емес нәрсенің бәрін жасайтынына сенімдімін. Қолдау білдіргендеріңізге көп рахмет!», - деп түйіндеді Абдрахманов

Еске сала кетелік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілде күні UFC 251 турнирінің бастапқы кардында бразилиялық Раулиан Пайвамен (19-3) күш сынасады. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де (Мәскеу уақытымен 02:00) өтеді. Турнирдің онлайн-трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или