ММА

«Жалғастың аянып қалмайтынына сенімдімін»

«Жалғастың аянып қалмайтынына сенімдімін»
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай ауыр салмақтағы (93 келі) үздік қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы Жалғас Жұмағұловтың UFC құрамындағы дебютіне қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC 251 турнирі 12 шілдеде Абу-Даби қаласында, ЯС аралында өтеді, Fight Nights Global бұрынғы чемпионы (56 келі), Arlan MMA Pro командасының өкілі Жалғас Жұмағұлов бұл турнирге қатысады.

- 12 шілде UFC 251-де Жалғас Жұмағұлов UFC-де дебют жасайды. Осы жекпе-жектегі "Жаконың" мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Қарсыласын толық білмейді екенмін. Бірақ Жалғас Жұмағұловтың қандай екенін бәріміз білеміз. Ол нағыз жауынгер. Жеңіске деген ұмтылыс, техника мен төзімділік. Бұлардың бәрі Жалғастың бойында бар. Оның үстіне ол жақсы дайындықтан өтті. Жалғас бұл жекпе-жекте сенімді өнер көрсететіне сенімдімін. Біз бәріміз жанкүйер боламыз. Жалғас аянып қалмайды.

Қоса кетейік, 12 шілдеде Жұмағұлов 24 жастағы бразилиялық Раулиан Пайвамен (19-3) кездеседі. Жас файтер Дана Уайттың турнирінде жеңіске жеткеннен кейін американдық промоутермен келісімшартқа отырды. Пайва өзінің UFC-дегі тұңғыш жекпе-жегін өткен жылдың ақпан айында өткізді.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұловтың шайқасы 12 шілдеге қараған түні Нұр Сұлтан уақытымен шамамен 05:00-де өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер