Андрей Назаров жазасын қабыл алды

ҚХЛ аясындағы «Ақ Барс» пен «Барыс» кездесуінің 13-секундында болған оқиғадан кейін елордалық команданың бас бапкері Андрей Назаров төрт матчтан тұратын жазаны қабыл алатынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қос «барыс» арасындағы кездесудің 13-ші секундында команда ойыншылары арасында қақтығыс орын алды. «Барыстың» жас хоккейшісі Дамир Рыспаев қазандық команданың ойыншысы Александр Свитовпен төбелесіп қалды. Бұған қоймай соңғысы қонақ команда отыратын жерге барып, Назаровқа тиісе бастады. Жанжал барысында «Барыстың» бас бапкері оған пластикалық бөтелкесін лақтырып жіберді. Осы ісі үшін төреші Назаровты 22 минутқа айдыннан қуды. Енді елордалық бапкерді арнайы жиыннан соң төрт матчқа айдыннан аластатқан екен.

Назаровтың өзі осы жазамен келісетінін хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или