Асылжан Бақытжанұлы: Буторин келесі қарсыласым болуы керек

Асылжан Бақытжанұлы: Буторин келесі қарсыласым болуы керек

Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық (93 келі) Асылжан Бақытжанұлы (11-1) Prosports.kz сайтына болашақ қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтып берді. 

- Соңғы сыбыстарға сенсек, сіз ACA 110 турнирінде өнер көрсетесіз, ал Алексей Буторин сіздің қарсыласыңыз болады. Солай ма?

- Ия, мұндай қауесеттер бар. Бұл ақпаратты мен де естідім. Лигадан ресми хабарландыру күтіп отырмыз. Маған қыркүйек айында жекпе-жек өткіземіз деп айтты, бірақ нақты күнін білмеймін, өйткені екі турнир болады - ACA 110 және ACA 111.

- Сіз де Буторинмен шығып қалам-ау деп ойлайсыз ба?

- Иә, әрине. Келесі жекпе-жекте кездесуіміз бек мүмкін. Логикаға сияды. Буторин орта салмақтан жартылай ауыр салмаққа көтеру жолына біраз қарсыластарын шаң қаптырды. Титулдық шайқаста да өзің жақсы қырынан көрсетті. Мықты тұсы өте көп. Менің ойымша, бұл қызықты жекпе-жек болар еді.

Жақында ACA президенті Алексей Яценко келесі кездесуде жеңіске жетсеңіз, титулдық жекпе-жекке шығуға болады деп айтты. Бұл факт сізге психологиялық тұрғыдан қысым көрсете ме?

- Шынын айту керек, жоқ. Титулдық жекпе-жек қисынды қадам болады деп ойлаймын. <span>ACB-мен келісімшартқа отырғанда қуанышымда шек болмады. Сосын әр жекпе-жек өткен сайын тәжірбие жинақтай түстім. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или