Британ боксшысы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді

Британ боксшысы Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді

Британиялық боксшы Лиам Смит қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұл туралы боксшының жаттықтырушысы Джо Галлахер айтты:

– Лиам үлкен айқасты күтіп жүр. Ол маған Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Ол үшін GGG мығым қасылас болады. Шаршы алаңда олардың стилін көрудің өзі бір ғанибет, - деді жаттықтырушы.

Лиам Смит мансабында 32 жекпе-жек өткізіп, біреуінде тең түсіп, екеуінде ұтылып, қалған кездесуінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Лиам Смит 2016 жылы Геннадий Головкиннің басты қарсыласы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапқан.

<h3>Головкин - Шеремета жекпе-жегі қашан өтеді</h3> <h3>Тайсон Фьюри Майк Тайсонмен жекпе-жек өткізуден неге бас тартқанын түсіндірді</h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или