2021 жылға арналған жарыс кестесі жарияланды

2021 жылға арналған жарыс кестесі жарияланды

<span>Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының кезектен тыс жиынында алдағы маусымда өткізілетін жарыстар тізбегі мәлім болды.  </span>

<span>Делегаттар 2021 жылы Рига мен Минскіде өтетін әлем чемпионатының мерзімін бекітті. Әлемдік дода 21 мамыр мен 6 маусым аралығына жоспарланған. </span>

<span>Сондай-ақ, әйелдер командасы арасындағы әлем біріншілігі 2021 жылдың 7-17 сәуірі аралығында Канадада өтеді.  Әйелдер командасы арасындағы 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирі де келесі маусымға жоспарланған.</span>

<span> Алдағы маусымның басты бәсекелері қатарында төмендегі турнирлер бар:  Хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты (элита), І,ІІ,ІІІ дивизиондағы (А және В топтары) әлем біріншілігі, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или