«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бас бапкер тағайындалды

«Ертіс» хоккей клубының бас бапкер қызметіне Сергей Мирошниченко тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Мирошниченко - Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Мансаьын 1997 жылы «Торпедо» командасында бастаған. Бұдан бөлек «Горняк», «Казцинк-Торпедо», «Сарыарқа», «Ертіс» командаларында өнер көрсеткен. 

Ал бапкерлік мансабын балалар жаттықтырушысы ретінде бастап, «Торпедо-2009» командасын жаттықтырды. Содан кейін бас бапкердің көмекшісі ретінде «Алтай Торпедода» жұмыс істеді. Өткен маусымда ол «Ақтөбе» хоккей клубының бас бапкер болып жұмыс істеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или