Агапова UFC-мен екінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа отырды

Агапова UFC-мен екінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа отырды

Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. 

Агапова атақты промоушен аясындағы екінші кездесуін 22 тамызда Лас-Вегаста (Невада) UFC Apex аренасында өткізеді. Кезекті қарсыласы 31 жастағы Шэна Добсон болады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, UFC аясындағы алғашқы жекпе-жегінде Агапова америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или