Ақмолалық волейболшылар ел чемпионы атанды
Волейболдан ҚР чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталды. 48 ұпай жинаған көкшетаулық «Ұшқын - Көкшетау» волейбол клубы бірінші орын алды.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның волейбол федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты ерлер арасында волейболдан ел чемпионатын ерте тоқтатуға мәжбүр болды.
«Чемпионатқа барлығы он команда қатысты. Оның ішінде «Ұшқын - Көкшетау» волейбол клубы турнир кестесінде 48 ұпаймен бірінші орында тұрды. Сол себепті көкшетаулық команда - чемпион, ал одан кейінгі жүлделі екінші және үшінші орындарды Орал және Қызылорда командалары өзара бөлісті», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
«Ұшқын - Көкшетау» командасының капитаны Қанат Ғабдуллиннің айтуынша, маусым команда үшін сәтті өтті.
«Біз жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Бірлесіп жоғары нәтижеге қол жеткіздік», - дейді К.Ғабдуллин.
Елордада Қазақстанның волейбол федерациясы жеңімпаздарды марапаттады.
Ақмола облыстық облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев атап өткендей, қарсыластар өте мықты командалар болды. Соған қарамастан, ақмолалықтар жеңіске деген жігер танытты.