IIHF әлем чемпионаты өтетін жаңа мерзімді бекітті

IIHF әлем чемпионаты өтетін жаңа мерзімді бекітті

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2021 жылы Минск (Беларусь) және Рига (Латвия) қалаларында өтетін әлем чемпионатының жаңа мерзімін бекітті. 

Хоккейден әлемдік дода 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Бұл шешім 22 маусым күні өткен конгрессте қабылданды. 

Айта кетелік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Біздің команда қарсыластары – Германия, Латвия, Норвегия, Канада, Финляндия, АҚШ және Италия. А тобында Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Ұлыбритания және Беларусь бақ сынайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или