Хабибтің менеджері UFC 4 ойынының мұқабасына кірмегеніне ашулы екенін жеткізді

Хабибтің менеджері UFC 4 ойынының мұқабасына кірмегеніне ашулы екенін жеткізді

Али Абдель-Азиз, UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері EA Sports ұсынған UFC 4 видео-ойынының жаңа мұқабасындағы бейнемен келіспейтінін жеткізді.

Оның айтуынша, Хабибке мұқабадан орын табылмады. Менеджер дағыстандық спортшының бейнесі бар балама нұсқаны ұсынды.

«Жаңа мұқаба осындай болуы керек. Бұл адам ешқашан жеңілген емес. Мен жаңа мұқабада кім болатынын білемін. Біреуіне дауым жоқ, ал екіншісінің мансабындағы жеңілісі оннан асып кеткен», - деп жазды Абдель-Азиз.

UFC 4-тің ресми тұсаукесері 11-нен 12-шілдеге қараған түні UFC 251 шарасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или