Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Ақтөбеге» ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Ақтөбеге» ауысты

Шабуылшы Владимир Маркелов «Ақтөбе» хоккей клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен жылы Маркелов бір жылдық үзілістен кейін мансабын қайта бастап, маусымды көкшетаулық «Арлан» сапында өткізді.

Қазақстан тұрақты чемпионатында 55 матч өткізіп, 43 (21+22) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 4 ойынға қатысып, 2 (1+1) ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін форвард новосибирскілік «Сибирь» және «Барыс» командаларында өнер көрсетті. ҚХЛ-да жалпы 202 матчқа қатысып, 38 (24+14) ұпай жинаған. Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасы сапында үш әлем чемпионатына қатысты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или