Мария Агапованың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық Мария Агапова 13 маусымда UFC on ESPN 10 турнирінде жеңіске жеткен соң америкалық Шэн Добсонды жекпе-жекке шақырған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.
Промоушен Агапованың дебютіндегі жеңісінен кейін қалаған кездесуін бермек. Дереккөз мәліметінше, 22 тамызда спортшылар октагонда кездеседі. Турнирдің қайда өтетіні әзірше белгісіз.
Еске салайық, UFC аясындағы алғашқы жекпе-жегінде Агапова америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или