Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде Блейдс Волковты жеңді

Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде Блейдс Волковты жеңді

20 маусымнан 21 маусымға қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night 173 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Александр Волков пен америкалық Кертис Блейдс жұдырықтасты. 

Бұл кездесуде ауыр салмақтағы бұрынғы Bellator чемпионы Александр Волков жеңіліске ұшырады. Америкалық файтер төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Блейдс 14-жеңісіне қол жеткізді. Ол мансабында екі рет жеңілген. Ал Волков қазірге дейін 8 мәрте жеңілді. Бірақ 31 кездесуде жеңіске жеткен.

<h4>UFC Fight Night 173: Эммет Бургосты жеңді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или