Хабиб Нурмагомедов Жалғас Жұмағұловқа сәттілік тіледі
<span>Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловқа UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне сәттілік тіледі.</span>
«Дебютте сәттілік, Жалғас», – деп жазды Хабиб Нурмагомедов Жалғас Жұмағұловтың Instagram-парақшасында өткізген тікелей эфирінде.
Жұмағұловтың<span> </span>UFC-дегі дебюті Fight Island-да<span> </span>(«Сарбаздар аралы») өтеді. Атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болмақ. Бұл файтер 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. UFC-де үш кездесу өткізген. Оның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.