Моминов Лас-Вегастағы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алды
Невададағы Атлетикалық комиссия Лас-Вегаста (Nevada, АҚШ) өткен бокс кешіне қатысқан боксшылардың сыйақы мөлшерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Осы кеште отандасымыз Бобиржан Моминов америкалық Кэмерон Краэлді жеңді. Бұл жұпта қазақстандық боксшы 6 мың доллар, ал қарсыласы 8 мың доллар табыс тапты.
Ең көп гонорарды кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен боксшылар алды. Жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) WBO рейтингісінде бірінші орында тұрған америкалық Джошуа Грир (22-2-1, 12 КО) филиппиндік Майк Планиадан (24-1, 12 КО) жеңіліп қалды. Бірақ Грир 75 мың доллар, Планиа 40 мың доллар алды.
Өзге жекпе-жектер:
10 раундтық жекпе-жек (67,1 келі)
Джованни Сантийян (25-0, 15 KO) – $30 мың
Антонио Демарко (33-8-1, 24 KO) – $30 мың
6 раундтық жекпе-жек (69,9 келі)
Бобиржан Моминов (10-0, 8 KO) – $6 мың
Кэмерон Краэл (17-15-3, 4 KO) – $8 мың
6 раундтық жекпе-жек (до 72,6 келі)
Николоз Сехниашвили (5-0, 4 KO) – $6 мың
Айзея Джонс (8-1, 3 KO) – $5 мың
6 раундтық жекпе-жек (90,7 келі)
Гектор Перес (7-2, 3 КО) — $4 мың
Эктор Торрес (5-3-1, 2 КО)— $3,5 мың