Агапова UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алды
Лас-Вегаста (Nevada, АҚШ) өткен UFCVEGAS2 on ESPN 10 турниріне қатысушылардың қанша гонорар алатыны жарияланды, деп жазады Prosports.kz.
Аталған турнирде қазақстандық спортшы Мария Агапова ММА әлеміндегі жетекші промоушен UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Отандасымыз америкалық Ханна Сайферсті жеңді.
Мария Агапова жеңісі үшін 20 мың доллар тапты. Ал оның қарсыласы Cайферс 35 мың доллар алды.
Ал ең көп гонорарды кештің басты жекпе-жегінде америкалық Джессика Айды жеңген Синтия Кальвильо алды (110 мың).
Айта кетейік, бұған дейін Агапованың 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде арнайы сыйақы алатыны хабарланған болатын.
Негізгі кард:
Джессика Ай ($ 51 мың) — Синтия Кальвильо ($ 110 мың)
Карл Роберсон ($ 40 мың) — Марвин Веттори ($ 86 мың)
Мераб Двалишвили ($ 46 мың) — Густаво Лопес ($ 12 мың)
Андре Фили ($ 110 мың) — Чарльз Журден ($ 16 мың)
Джордан Эспиноса ($ 24 мың) — Марк де ла Роса ($ 21 мың)
Бастапқы кард:
Мария Агапова ($ 20 мың) — Ханна Сайферс ($ 35 мың)
Чарльз Роса ($ 68 мың) — Кевин Агилар ($ 25 мың)
Джулия Авила ($ 24 мың) — Джина Мазани ($ 16 мың)
Заррух Адашев ($ 14 мың) — Тайсон Нэм ($ 28 мың).