Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебютті жекпе-жегінде шайқасатын қарсыласы анықталды

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебютті жекпе-жегінде шайқасатын қарсыласы анықталды

Fighttime.ru порталы сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (12-0) ресейлік Рамазан Эмеевпен (18-4) UFC қамқорлығындағы дебюттік жекпе-жегінде 15 шілдеде өтетін турнирде кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Өткен жылдың қараша айында орта салмақтағы M-1 Challenge чемпионы, 33 жастағы Рамазан Эмеев Мәскеуде өткен турнирде <span>Энтони Рокко Мартиннен жеңіліп қалған еді</span>. Оған дейін ресейлік спортшы үш мәрте жеңіске жеткен.

2019 жылы наурызда 25 жастағы Шавкат Рахмонов екінші раундта техникалық нокаутпен Данила Приказины ұтып, M-1 Challenge жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді еншіледі. Үш айдан кейін <span>Тиаго Варежао Ласередоға қарсы шайқаста белбеуін қорғап қалды.</span>

Бастапқыда Шавкат UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі 21 наурызда Лондондағы UFC Fight Night 171 турнирінде өткізеді деп жоспарланған болатын, алайда коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кеші АҚШ-қа ауысып, Рахмонов виза ала алмай, мұхит асып, жарысқа бара алмаған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или