UFC Fight Night 172: Агапова арнайы сыйақы алады

UFC Fight Night 172: Агапова арнайы сыйақы алады

14 маусым күні таңертең қазақстандық спортшы Мария Агапова ММА әлеміндегі жетекші промоушен UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Лас-Вегаста (Nevada, АҚШ) өткен UFC Fight Night 172 турнирі аясында өнер көрсеткен отандасымыз арнайы сыйақы алатын төрт спортшының қатарына қосылды. 

Кеште өнер көрсеткені үшін төрт спортшыға сыйақы беріледі. Олар - америкалық Ханна Сайферсті жеңген қазақстандық Мария Агапова, италиялық Марвин Веттори және америкалық Кристиан Агилера мен Тайсон Нэм. Бонустық төлемдердің мөлшері әр спортшыға 50 мың АҚШ долларын құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или