Агапова – Сайферс жекпе-жегінің статусы көтерілді

Агапова –  Сайферс жекпе-жегінің статусы көтерілді

Қазақстандық спортшы Мария Агапова мен америкалық Ханна Сайферс арасындағы жекпе-жек негізгі кард аясында өтід.

Қос спортшы бастапқы кардта өнер көрсетуі қажет болған, бірақ бүгін UFC жекпе-жектің статусын көтерді. Осылайша Мария Агапова UFC on ESPN 10 турнирінің негізгі кардында жұдырықтасады.

Мария Агапова аралас жекпе-жекте тек тоғыз жекпе-жек өткізіп, олардың сегізінде жеңіске жетсе, бір рет жеңіліп қалды. Ол соңғы екі жекпе-жекті Invicta FC ұйымы аясында өткізді.

Айта кетейік, Агапова UFC лигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық қыз болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или