«Барыстың» экс-ойыншысы АҚШ-та қала мэрі болып сайланды
Нұрсұлтандық «Барысы» команданың экс-капитаны Брэндон Боченскиді Гранд Форкс (Солтүстік Дакота, АҚШ) мэрі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біздің аты аңызға айналған ойыншымыз Брэндон Боченски Гранд Форкс (Солтүстік Дакота, АҚШ) мэрін сайлауда жеңімпаз атанды. Оған сайлаушылардың 49,62 пайызы (5663 дауыс) дауыс берді.
Құттықтаймыз! Өмірдің жаңа кезеңінде сәттілік пен толағай табыс тілейміз!», - делінген клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған құттықтау мәтінінде.
Еске сала кетелік, Брэндон Боченски «Барыс» сапында 2010 жылдан 2017 жылға дейін ойнаған. Қазақстан астанасы командасының құрамында ҚХЛ-да 455 матч өткізіп, 444 (179 + 265) ұпай жинаған. Боченски Қазақстан құрамасында 19 ойын өткізіп, 16 (5 +11) ұпай жинады.
Фото grandforksherald.com