UFC 251 турнирінің негізгі үш жекпе-жегі ресми жарияланды
MMA әлемдегі жетекші промоушн саналатын UFC ұйымы 11 шілдеде Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» өтетін UFC 251 турнирінің негізгі кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегі UFC жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтеді. Камару Усман Гилберт Бернспен жекпе-жекте өз титулын қорғауға тырыспақ.
Негізгі жекпе-жекте UFC чемпионы Алекс Волкановский мен бұрынғы белбеу иегері Макс Холлоуэй кездеседі. Олар сегізбұрышта екінші рет кездеспек. 2019 жылдың желтоқсанында Волкановский Холлоуэйдан белбеуді тартып алған еді. Енді Макс қарымта қайтаруға тырысады
Маңызы жөнінен үшінші тұратын кездесу ресейлік Петр Ян Жозе Алдумен жеңіл салмақтағы титулға таласады.
Сонымен қатар, UFC-дің бұрынғы чемпиондары Роуз Намаюнас пен Джессика Андраде арасындағы матч, сонымен қатар американдық Пейдж Ванзант пен бразилиялық Аманда Рибас арасындағы жекпе-жек те UFC 251 негізгі кардына енген.
Фото: instagram.com/ufc