Жалғас Жұмағұлов: Біздің уақыт келді
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 11 шілдеде өтетін UFC251 турнирінде октагонға шығады.
Жұмағұловтың<span> </span>UFC-дегі дебюті Fight Island-да<span> </span>(«Сарбаздар аралы») өтеді. Атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болмақ. Бұл файтер 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. UFC-де үш кездесу өткізген. Оның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген.
Жалғас Жұмағұлов Twitter-дегі парақшасында «Біздің уақыт келді» деп үш тілде жазған.
Біздің уақыт келді Пришло наше время The time has come @sayatmma #Kazakhstan
— Zhalgas Zhumagulov (@ZhakoZhumagulov) June 9, 2020
Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.