Мария Агапованың қарсыласы ауысты

Мария Агапованың қарсыласы ауысты

Жақында ғана UFC ұйымымен келісімшартқа отырған 23 жастағы қазақстандық Мария Агапованың алғашқы қарсыласы ауысты.

13 маусым күні өтетін аралас жекпе-жек кешінде Мария Агапова бразилиялық Мелисса Гаттомен жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда бүгін белгілі болғандай, оның орнына октагонға америкалық Ханна Сайферс (10-5) шығады. 

Мария Агапова аралас жекпе-жекте тек тоғыз жекпе-жек өткізіп, олардың сегізінде жеңіске жетсе, бір рет жеңіліп қалды. Ол соңғы екі жекпе-жекті Invicta FC ұйымы аясында өткізді. 

Айта кетейік, Агапова UFC лигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық қыз болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или