Қаршыға Дауітбек ACA лигасымен келісімшартқа отырды
Alash Pride клубының өкілі қазақстандық файтер Қаршыға Дауітбек (9-3) ACA лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық жауынгердің ресейлік компаниямен келісімшарты төрт жекпе-жекке арналған. Дауітбек жеңіл салмақ дәрежесінде (61,2 келі) өнер көрсетеді. Alash Pride президенті Данияр Қасқарауовтың айтуынша, қазақстандық спортшының АСА-дағы алғашқы жекпе-жегі 11 шілдеде Ресейде өтетін ACA 106 турнирінде өтеді.
Дауітбек соңғы рет биылғы жылдың ақпан айында <span>Alash Pride FC турниріне қатысты.</span> Онда төрешілер шешімімен қырғызстандық Тұрғанәлі Абдуллаевты жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или