«Қайраттың техникасы әрқашан да әдемі»
Сингапурлық ONE FC промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпион Қайрат Ахметовтің (23-2) үздік тейкдаундарынан видеожазба жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Аталған видео бірнеше сағаттың ішінде 90 мыңның үстіне көрілім жинады. Қазақстандық файтердің техникалық шеберлігін ONE FC президенті Чатри Ситйодтонг жоғары бағалады.
«Қайраттың техникасы әрқашан да әдемі», - деді Ситйодтонг.
Осы жылдың мамыр айында ONE FC бірінші рет промоушеннің барлық салмақ дәрежелері бойынша рейтингісін жариялады. Қайрат Ахметов ең жеңіл салмақта (56 келі) үздік үштіктен орын алды. Отандасымыз UFC-дің бұрын чемпионы Деметриус Джонсон мен Дэнни Кингадтан ғана қалып кетті.
Айта кетейік, Қайрат Ахметов соңғы рет сегізбұрышқа былтыр наурыз айында өткен ONE Гран-приінің ¼ финалы аясында шықты. ONE A New Era кешінде Ахметов Рис Макларенді жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты. Өкінішке орай, тамыз айында қолының жарақатына байланысты Гран-приден шығарылды. Ахметов осы жылдың сәуір айында октагон оралуы керек еді. Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты ONE FC турнирлері өтпей қалды.
<h4>ONE FC рейтингі. Қайрат Ахметов – үздік үштікте, Деметриус Джонсон – көш басында</h4>