UFС президенті Макгрегорға Хабиб – Гэтжи жеңімпазымен жұдырықтасуды ұсынды
UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық Конор Макрегор америкалық Джастин Гэтжи мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесетінін айтты.
– Ол қазір күте тұрып, Хабиб – Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасса дұрыс болар еді деп санаймын. Бұл ол үшін жақсы мүмкіндік болар еді, - деді Дэйна Уайт.
Айта кетейік, Конор Макгрегор қаңтар айында Дональд Серронмен жұдырықтасып, 40 секундта жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или