Футбол

Қуаттың командасы қаржылық қиындыққа тап болды ма

Қуаттың командасы қаржылық қиындыққа тап болды ма
news-banner7
mobile-news-top

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында «Оренбург» футбол клубы қаржылық қиындықтарға тап болды деген ақпарат тараған еді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған ақпаратта «Оренбург» басшылығы клубты банкроттықтан сақтап қалу үшін, ойыншыларға жалақы мөлшері 30% төмендетілген жаңа келісімшарт ұсынатыны айтылған.

Алайда клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, команданың бұрынғы жоспар бойынша маусымды жалғастыруға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

«Біздің клуб туралы жағымсыз ақпаратты басылым беттерінен оқыған кезде таң қалдық. Бізде бәрі өз орнында, чемпионаттың қайта басталуына жоспар бойынша дайындалып жатырмыз. Команда атмосферасы да жақсы. Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалу үшін барымызды саламыз», - деп жазды клубытың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Оренбург» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат өнер көрсетеді. 27 жастағы ойыншы орынборлық клубқа биыл қаңтар айында ауысып барды. Оған дейін Қуат алматылық «Қайратта» доп тепті.

«Оренбург» РПЛ-де 22 турдан кейін 23 ұпай жинап, 13-орынға жайғасқан. Ресей чемпионаты 21 маусымда қайта басталады.

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 21 маусымда жасыл алаңға оралады

Германия чемпионаты: Бір ойында 5 футболшы алмастыруға болады

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер