Англия чемпионаты қашан басталады

Англия чемпионаты қашан басталады

Англия Премьер лигасының қалған бөлігі қашан басталатыны осы апта анықталады, деп жазады Prosports.kz.

Англиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті уақыт сәрсенбі күні әр клубтың жауаптыларының қатысуымен жиналыс өтеді. Онда маусымның қалған бөлігін өткізу-өткізбеу мәселесі талқыланады. Алдын-ала болжам бойынша, көптеген клуб маусымның жалғасқанын қалайды. 

Осы жиналыста маусымның қашан жалғасатыны да анықталады. Чемпионаттың басталатын уақыты ретінде екі нұсқа қарастырылып жатыр. Маусым ерте болғанда 13 маусымда басталады. Екінші нұсқа бойынша, чемпионат 19 маусымда қайта жалғасады. Бұған себеп, кейбір клубтар жаттығу уақытын бір апта ұзартуды сұрап отыр. 

Маусым қай күні басталса да, алғашқы матч «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» арасында өтеді. Бұл ойын негізі 15 наурызда өтуі керек еді. Алайда коронавирусқа байланысты кейінге шегерілген.

Жоспар бойынша, чемпионат басталғаннан кейін дүйсенбі және жұма күндері бір матчтан, ал қалған 8 ойын сенбі-жексенбі өтеді. 

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат

Бес елдің чемпионатында топ жарған бапкер кім

Испания чемпионаты қашан басталады

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 21 маусымда жасыл алаңға оралады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или