BKFC Вандерлей Силваға Майк Тайсонмен жекпе-жекке $10 млн сыйақы ұсынды
Bare Knuckle Fighting Championship ММА ардагері Вандерлей Силваға боксқа оралуды көздеп жүрген Майк Тайсонның жекпе-жегін өткізуге ұсыныс жасады.
Ұйым Вандерлей Силваға жекпе-жек үшін 10 миллион доллар сыйақы ұсынған. Бұған дейін Bare Knuckle Fighting Championship Майк Тайсонға жекпе-жек өткізгені үшін 20 миллион доллар төлеуге әзір екенін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, BKFC промоушенінде жекпе-жекте спортшылар қолғапсыз жұдырықтасады. Оған қоса тек қолмен ұруға рұқсат етілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или