Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Торпедоға» ауысты
Шабуылшы Иван Кучин «Торпедо» хоккей клубының ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
31 жастағы хоккейші бұған дейін «Бейбарыс» сапында 62 кездесу өткізіп, 54 (15+39) ұпай жинаған.
Ол 2016 жылдан 2018 жылға дейін «Барыста» өнер көрсетті. ҚХЛ-да 77 ойын өткізіп, 17 (6+11) ұпай жинаған. Сонымен қатар ол Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или