«Барыс» әлем чемпионына көз салды
Елордалық «Барыс» финляндиялық шабуылшы Теему Туруненмен келіссөз жүргізіп жатыр.
Sport.ch сайтының мәліметінше, фин хоккейшісі коронавирус пандемиясының кесірінен швейцариялық «Давос» командасымен келісімшартқа отырмаған. Қазіргі таңда қазақстандық клуб Теему Туруненнің өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Теему Турунен Финляндия құрамасының сапында 10 матч өткізіп, 1 (0+1) ұпай жинаған. Оған қоса ұлттық құрамасының сапында әлем чемпионатында топ жарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или