«Барыс» ойыншыларының жалақысы белгілі болды

«Барыс» ойыншыларының жалақысы белгілі болды

«Барыс» хоккей клубының шабуылшылары Мэтт Фрэттин мен Линус Виделльдің жалақысы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, канадалық хоккейші Фрэттин бонустарды қоспағанда 32 миллион рубль алады. Ойыншымен келісімшарт мерзімі - бір жыл.

Өткен маусымда 32 жастағы шабуылшы «Ак Барс» сапында өнерк көрсетті. ҚХЛ тұрақты маусымында 56 матчтқа қатысып, 28 (8+20) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 4 ойында 5 (3+2) ұпай жинады.

Ал Виделльдің жалақысы бонустарды есептемегенде 36 миллион рубльді құрайды. Бұл ойыншымен де Келісімшарт мерзімі бір маусымға жасалған.

35 жастағы швед хоккейшісі өткен маусымда ҚХЛ-да 37 матч өткізіп, 30 (10+20) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде 5 ойынға қатысып, 4 (1+3) ұпай жинады.

«Барыс» үш хоккейшімен келісімшартқа отырды

«Барыс» канадалық хоккейшіні қатарына қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или