«Астана» мен «Астана Тайгерс» мерзімінен бұрын чемпион атанды
22 мамырда Қазақстан Баскетбол Федерациясының сырттай отырысы өтті, онда жарыстарды жалғастыру-жалғастырмау туралы мәселелер қаралды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Онда ерлердің ұлттық лигасы мен жоғарғы лигасындағы, сондай-ақ Әйелдер ұлттық лигасындағы маусымдарды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылданды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кестедегі қазіргі позиция бойынша анықталады.
Оған қоса, ерлер мен әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы 2020 жылдың қыркүйегінде жоспарланған.
Командалардың қорытынды нәтижелері мынадай:
Ұлттық лига (ерлер арасында):

1-орын – «Астана» БК (Нұр-Сұлтан);
2-орын – «Барсы Атырау» БК (Атырау);
3-орын – «Тобол» БК (Қостанай);
4-орын – «Актобе» БК (Ақтөбе);
5-орын – «Синегорье» БК (Көкшетау);
6-орын – «Каспий» БК (Ақтау).

Жоғарғы лига (ерлер арасында):

1-орын – «Қазығұрт» БК (Шымкент);
2-орын – БК «Барс» БК (Петропавл;
3-орын – БК «Ертіс» (Павлодар);
4-орын – «СДЮСШ» БК (Алматы облысы);
5 место – «Барсы Атырау – 2» БК (Атырау);
6-орын – «Алматинский легион – 2» БК.

Ұлттық лига (әйелдер арасында):

1-орын – «Астана Тайгерс» БК (Нұр-Сұлтан);
2-орын – «Ертіс» БК (Павлодар);
3-орын – «Синегорье» БК (Кокшетау);
4-орын – «СДЮСШ» БК (Алматы облысы);
5-орын – «Тұран» БК (Түркістан облысы);
6-орын – «Қазығұрт МарС» (Шымкент);
7-орын – «Оқжетпес» (Ақмола облысы).

Фото: «Астана» БК.