УЕФА 2021 жылы үшінші еурокубок ойындарын өткізбек

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан, 2021/22 жылғы маусымнан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан бөлек тағы бір клубтық жарыс – Конференциялар лигасын ұйымдастыруды көздеп отыр.
<span>The Guardian басылымының жазуынша, бұл туралы UEFA басшысы Александер Чеферин мәлім еткен.</span>
<span>«Біз 2021/22 жылғы маусымнан бастап Конференциялар лигасын өткізуді бастаймыз. Оны кейінге қалдырмаймыз», - деп атап өткен Чеферин.</span>
<span>Конференциялар лигасының топтық кезеңінде сегіз топқа бөлінетін 32 команда ойнайды. Квартет жеңімпаздары ақтық жарыстың 1/8 кезеңіне өтеді, екінші орын еншілеген командалар Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған клубтармен плей-оффқа шығу үшін бәсекелеседі. Жарыс жеңімпазы келесі маусымда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алады.</span>