Хабиб Нурмагомедов әкесінің жағдайы туралы айтты

Хабиб Нурмагомедов әкесінің жағдайы туралы айтты

Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов өзінің инстаграмдағы парақшасында коронавирус пандемиясына байланысты дағыстандықтарға жүгініп, әкесі Абдулманап Нурмагомедов туралы айтты.

Спортшы Дағыстандағы коронавирустың кесірінен жағдайдың нашарлауына назар аударды және барлығын бірігуге шақырды. "Ауруханалар лық толы, көптеген адамдар ауырып жатыр, көптеген адамдар көз жұмды. Біз бірігіп қана бәрін жеңе аламыз", - деді Нурмагомедов.

Спортшы дағыстандықтарды дәрігерлердің талаптарын орындауға шақырды. "Бір-екі күнде бізде Ораза-Байрам басталады. Бұл мерекеде біз қонаққа баратынбыз, қонақтарды қабылдайтынбыз, мерекелік намазға баратынбыз. Бармаңыздар, өтінемін ... Менде 20-дан астам туыстарым жансақтау бөлімінде болды, олардың көпшілігі енді біздің арамызда жоқ", - деп қосты ол.

Нурмагомедов сонымен бірге әкесінің жағдайы туралы айтты.

"Ғаламторда көптеген адамдар әкем туралы жазуда. Ол қазір ауруханада. Оның жағдайы өте ауыр. Вирустың кесірінен жүрегі ауырып қалды, өйткені біз бір жыл бұрын оның жүрегіне операция жасадық. Оған тағы да ота жасалды. Қиын жағдайда. Алладан оны бізге қайтаруын сұраймыз. Жазған, қолдаған, Алла Тағаладан оның денсаулығын сұрайтындардың барлығына үлкен рақмет! Алла бәрімізге көмектессін", - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или